Алматыда арнайы бақылаушылар институттары қалай жұмыс істеуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Сайлау учаскесінде арандатушылық болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігі түсіндіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 қаңтарда болатын саяси доданың барлық заңдылық нормаларына сәйкес өтуі мақсатында Алматыда арнайы бақылаушылар институттары жұмыс істеп жатыр. Олардың міндеті – дауыс беру күні бақылау жұмысын ұйымдастырып, сайлаудың мейлінше ашық әрі мөлдір өтуін қамтамасыз ету, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Шаһарда 10 қаңтарда өтетін сайлаудың заңға сай өтуін қадағалау мақсатында қалалық азаматтық альянсының сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық орталығы арнайы кеңесшілер дайындауда. Ол үшін орталық базасында аудандық үйлестірушілермен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай жиынның бірі бүгін Әуезов ауданында болып, жұмыс тәртібі толық түсіндірілді.

«Әуезов ауданында 100 сайлау учаскесі бар. Олардың жұмысын үйлестіру үшін 15 үйлестіруші бригадир анықталды, олар өз кезегінде консультанттардың жұмысын үйлестіреді. Бүгін ұйымдастыруға қатысты, бақылаушылармен жұмыс бойынша арнайы кеңесі өтті. Сайлау құқығы, ерекше жағдайлар бойынша 2 сағаттық семинарлар өтетін бақылаушылар мектебінде оқыту сияқты мәселелер көтерілді. Консультанттарға қосылатын міндетті шарт – осы курстардан өту», – деді Әуезов ауданы «Қазақстанның азаматтық альянсы» ҚҚ үйлестірушісі Сәуле Досымбекова.

Қазақстан Республикасының азаматтық альянсы жанынан құрылған бақылаушылар мектебі тек процестің құқықтық негіздері туралы түсінік беріп қана қоймай, сайлау кезінде түрлі жағдайларды қарастыратын «істер» деп аталатын құжаттарды да әзірлеуде. Мысалы, сайлау учаскесінде арандатушылық болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігі түсіндіріледі дейді мамандар.

«Біздің мектептің негізгі міндеті – дауыс беру процедураларын қадағалаушылар институтын құру, дауыс беру нәтижелерін қорытындылау, сондай-ақ, дәл осы дауыс беру рәсімінде азаматтық қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету», – деді қалалық «Қазақстанның азаматтық альянсы» ҚҚ Бақылаушылар мектебінің басшысы Александр Братенков.

Ал, үйлестірушілердің міндеттеріне  консультанттардың дайындығы мен оқу қорытындылары бойынша олардың біліктілік даярлығының нәтижесін тексеру кіреді. Сондай-ақ, олар дауыс беру күні ерекше жағдайлар туындаған кезде тартылатын болады. Бақылаушыларды даярлау барысында қаланың үкіметтік емес ұйымдарынан тілек білдірушілер мен партиялардың өкілдері  және кәсіподақ бірлестіктерінің мүшелері де назардан тыс қалмады.  

«Сайлау кезінде біздің байқаушыларымыз заңнама аясында қатаң әрекет ететін болады. Олар, атап айтқанда, сайлау комиссиясының отырысына қатыса алады, сайлаушылардың саны туралы ақпарат ала алады, тасымалданатын сайлау жәшіктерін алып жүре алады, дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және нәтижелерді ресімдеуді бақылай отырып, аталған барлық рәсімдерді анық көре алады», – деді қалалық умақтық Кәсіподақтар бірлестігі жанындағы бақылаушылар штабының төрағасы Серікжан Байғұтдинов.

Жалпы Қазақстанның Азаматтық Альянсына үкіметтік емес секторды дамыту ісіне жәрдемдесуге міндетті 500 коммерциялық емес ұйым кіреді. Ал, бақылаушылар сайлаушылар учаскеге келуі мүмкін болмаған жағдайда, оларға тыс жерде дауыс беруіне қатысуға жәрдемдеседі. Айта кету керек, 2021 жылғы сайлау жаңа жағдайда - коронавирустық пандемия кезінде өтеді. Сонымен қатар, сайлау заңнамасына енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, 16 жыл ішінде алғаш рет парламенттік сайлау мерзімінен бұрын өткізілмейді.  

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» арнасы

Новости партнеров