10 қаңтарда Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Сайлауға түрлі халықаралық ұйымдар мен шетелден келетін 400-ге жуық бақылаушы тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ықпал етеді деген пікірде сарапшылар.
ҚазҰПУ кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Бибігүл Иманбекова:
«Сайлау процесіне байқаушылардың, әсіресе халықаралық байқаушылардың саны алдыңғы сайлаулардан көп. Бұл – біздің либералдық қоғамның дамығандығының көрсеткіші. Қазақстандағы саяси процеске объективті баға берушілердің, яғни тәуелсіз сарапшылардың көп болуы сайлаудың әділ өтуіне ықпал етеді» – деді.
Айта кетейік, еліміздің Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімде өтіп отыр. Сондай-ақ саяси партия құру үшін керекті адамдардың саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілді. Ал сайлауға қатысушы партиялар саны артқан.