Сайлау процесіне байланысты еліміздің сарапшылары пікір білдірді

Фото: ult.kz
Фото: ult.kz
«Бұл – қоғамда үздіксіз жүретін объективті процесс, әрі Конституциядағы заңдылықтардың сақталғанын дәлелдейді» – дейді қайраткерлер
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пандемияға қарамастан сайлаудың өтуі орынды. Сайлау процесіне байланысты еліміздің сарапшылары осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл – қоғамда үздіксіз жүретін объективті процесс, әрі Конституциядағы заңдылықтардың сақталғанын дәлелдейді» – дейді қайраткерлер.

ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов: «Пандемияның барлық қауіпсіздік шарттарын сақтай отырып осы сайлауды өткізу керек.Ол біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды.Сондықтан қазіргі сайлаудан біз үлкен үміт күтеміз», – деді.

Ал саясаттанушылар елдің саяси мәселесіне әрбір азамат белсенді түрде атсалысса дейді. Сонда ғана мемлекет пен халық арасында байланыс нығая түспек. Саясаттанушы Расул Жұмалы қоғамның да өз топтарын құрғанын қалайды. 

«Бұған дейінгімен салыстырғанда белсенді түрде өтіп отыр. Соңғы бір-екі айда бұған дейін ұйқыда жатқан партиялар оянып, жаңа мүшелермен толығып жатыр. Өз бағдарламаларын ұсынуда. Менің бір ғана айтпағым осындай белсенділік саяси партиялардан ғана күтетін нәрсе емес, қоғамның өзі де бірігіп өзінің қозғалыстарын,топтарын құру керек», – деді.

Айта кетейік, еліміздің Мәжіліс және жергілікті Мәслихат депутаттарын сайлау алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімде өтіп отыр. Сондай-ақ саяси партия құру үшін керекті адамдардың саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілді. Ал сайлауға қатысушы партиялар саны артқан.

Назкен Еркін, Ғани Қалуов «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров