«Бұл сайлауды бірінші рет «Cайлау туралы» заңда белгіленген мерзімде өткізгелі отырмыз
Пандемияға қарамастан еліміздің Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын қайта сайлау процесі алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімде өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Отандық саясаттанушылар бұл билік жүйесі мен қоғамға жаңа серпін әкеледі деген сенімде. Саясаттанушы Расул Жұмалы:
«Бұл сайлауды бірінші рет «Cайлау туралы» заңда белгіленген мерзімде өткізгелі отырмыз. Бұған дейін уақытынан ерте өткізу әдеті қалыптасқан болатын. Ол «әдеттен» арылып, сайлаудың уақытылы өтуінің өзін жақсылыққа бағалауға болады. Бұл – мемлекеттің, биліктің өзі қабылдаған заңдарын құрметтеуінің көрсеткіші» –дейді.