Пандемияға қарамастан еліміздің Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімде өткелі жатыр
Пандемияға қарамастан еліміздің Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімде өткелі жатыр. Еліміздің сарапшылары «Бұл – қоғамда үздіксіз жүретін объективті процесс, әрі елде Конституциядағы заңдылықтардың сақталғанын дәлелдейді» деп баға берген болатын. Осы орайда ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов өз ойын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұрат Жұрынов: «Пандемияға тұспа-тұс келген бұл сайлауды барлық қауіпсіздік шарттарын сақтай отырып осы өткізу керек. Өйткені сайлау мемлекетіміздің дамуы үшін керек. Еліміз одан ары нығаюы үшін жаңа Үкімет, жаңа министрлер келуі керек . Сондықтан алдағы сайлаудан үлкен үміт күтеміз» –деді.