Ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын айқындайтын сайлау болады – сарапшылар

09.01.2021 03:09

Тәуелсіз сарапшылардың пікірі осындай

Биылғы саяси дода еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын айқындайтын сайлау болады. Тәуелсіз сарапшылардың пікірі осындай. Тағы бір айта кететін жайт, осы жолғы мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы алғаш рет Конституцияда белгіленген мерзімде, яғни өз уақытында өткелі отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Халық әлеуметтік салаға қатысты талап-тілегін өз деңгейінде қойып келе жатыр. Сол себепті, партиялардың сайлауалды науқанында айтқан әр уәдесі орындалуы керек – дейді тәуелсіз сарапшылар. Осыған сәйкес, бұл жолғы саяси дода әлеуметтік саладағы кемшіліктердің орнын толтыруға ықпал етуі керек екенін айтады.

«Бірқатар саяси бастамалар мен жүзеге асырғалы отырған саяси реформалардың өзектілігіне назар аударсақ болады. Парламенттік оппозиция және саяси өмірдің жалпы либерализациялануы бұл тетіктерді толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген ойдамын. Бұл Парламенттік сайлау толыққанды лебералды, бәсекелестік, азаматтар мен саяси партиялардың әлеуетін көрсетеді деген сенімдемін», – деді саясаттанушы, заңгер Шыңғыс Ергөбек.

Саясаттанушы Жомарт Құдайбергенұлы бұл Қазақстан Республикасындағы саяси өзгерістерге қадам басқан сайлау деп қарауға толық негіз бар екенін айтады. Оның пікірінше, биылғы сайлаудың ерекшелігі көп. Оған алғашқыда америкалық бағыттағы праймериздің өтуі осының дәлелі дейді профессор.

«Шындығындада партиялар арасындағы күрестің, әр партияның қандай деңгейде болып жақандығын қоғам екшеп біліп отыр. Сондытан да ертеңгі сайлаудан біздің күтетінімз әділетті, жан-жақты обьективті түрде дайындықтан өткендігі көрсетіп отыр», – деді саяси ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Құдайбергенұлы

Еске салайық, Парламенттің төменгі палатасындағы орынға бес партиядан 312 кандидат таңдалады. Саяси дода 10 қаңтар күні, таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жалғасады. Сайлау қорытындысы да сол күні белгілі болады.

Ұлағат Арғын, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы