Қазақстан бойынша дауыс беру аяқталды

11.01.2021 03:09

Сайлауда 5 партия бағын сынады

открытые источники

Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін таңғы 7-ден бастап кешкі 8-ге дейін ел аумағындағы 10 мыңнан астам дауыс беру орындары жұмыс істеді. Қазір барлығының есігі жабылып, бюллетендер саны есептеліп жатыр. Айта кетейік, Алматыда 581 таңдау жасау орны қарастырылды. Барлығында да тазалық талаптары қатаң сақталып, бас санитар дәрігер бекіткен қаулыға сәйкес өтті. 

Ал, сайлаудың әділ өтуін Алматыда 4 мыңнан астам байқаушы қадағалады. Биылғы саяси шара Конституцияға сай белгіленген уақытта өткенін де еске салайық. Сайлауда 5 партия бағын сынады.

Теги: сайлау