Президент сайлауы: Алғашқы Exit poll нәтижесі белгілі болды

21.11.2022 05:08

20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауында дауыс бергендердің 82,45 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаған

«Ашық қоғам» өңірлік зерттеу институты жүргізген Еxit poll нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауында дауыс бергендердің 82,45 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдаған.

«Ашық қоғам» өңірлік институтының өкілдері Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіп, «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген сауал қойған.

Exit-poll нәтижесі төмендегідей:

Қасым-Жомарт Тоқаев —82,45%;

Мейрам Қажыкен —2,23 %;

Жигули Дайрабаев — 3,33%;

Қарақат Әбден — 2,54%;

Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%;

Нұрлан Әуесбаев — 2,17%;

Бәріне қарсымы – 5,12%.