Азиз Қажденбек: Президенттік сайлау – ертең күнге сенімді нығайтуға маңызы зор қадам

06.10.2022 06:27
Almaty.tv

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Олардың  саяси мəдениеті, азаматтық белсенділігі күннен-күнге артып келеді. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Азиз Қажденбек «президенттік сайлау – халықтың бірігуіне, бағыт-бағдарымызды айқындауға және ертең күнге сенімді нығайтуға маңызы  өте зор» деп санайды.

 «Президенттік сайлау – халықтың бірігуіне, бағыт-бағдарымызды айқындауға және ертең күнге сенімді нығайтуға маңызы  өте зор. Қандай жағдай болмасын, қазақ халқы алдағы сайлауда ынтымақтастығын көрсете алады деп ойлаймын», – дейді Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Азиз Қажденбек.