Алдағы болатын кезектен тыс сайлауда әр азаматтың дауысы маңызды. Лайықты президентті таңдап, бейбітшілікті сақтау қазақстандықтардың міндеті. Төрткіл дүние теңселіп тұрған шақта басшыны сайлап, қарашаның тағдырын нағыз мықтыға тапсыратын кезең келді.
Almaty.tv зиялы қауым өкілдерімен тілдескен еді.
«Бұл сайлауда біздің еліміздің, жалпы халқымыздың алдында тағы да бір үлкен тағдыр тұр. Қазіргі бүкіләлемдік геосаяси жағдайды ескеретін болсақ, біздің еліміздің ішкі жағдайын ескеретін болсақ, бізге ең бірінші бірлік керек, тұтастық керек, ынтымақ керек. Кез келген дүниені ынтымақпен шешуге болады. Сондықтан да менің ойымша, бұл сайлау біздің елімізді тағы да бір таңдаудың үстінде біріктіретін, қатерлерден арылтатын жаңа бір үлкен белес болатын шығар деп ойлаймын», – деді Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.