Елімізде кезектен тыс президент сайлауы басталды

20.11.2022 11:54

Бүгін барлығы 10 мың 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді

фото из открытых источников

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттікке 6 үміткер тіркелген. Саяси науқан таңғы 06:00-де басталды. Осыдан тура 1 сағат бұрын Қазақстандағы 86 сайлау учаскесі есігін ашқан болатын. Ал қалғандары сағат 07:00-де қызметін бастады. Бүгін барлығы 10 мың 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 68-і шетелде орналасқан. Жалпы 12 миллионға жуық адам өз таңдауын жасауға құқылы.