Асылы Осман әдеттегідей алғашқылардың бірі болып дауыс берді

20.11.2022 13:31

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әрбір сайлаудағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

«Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Қабанбай бабамыз айтыпты «Хан біреу қалғандарымыз тіреу болсын» деп. Қарақтарым осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен өз таңдауымызды жасадық. Елдің алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан, келешектен жақсылықты күтемін», - деді Асылы Осман.

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс беруге құқығына ие. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар арнайы ашылған учаскелерге барып, таңдау жасай алады.