Халық өзінің сайлау құқығын пайдаланса екен - Азиз Қажденбек

06.11.2022 в 15:50

Еліміздің болашағы мен үшін маңызды. Осылай деген Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Азиз Қажденбек барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға қатысуға шақырады.

"Қазақстанның ары қарай дамуы мен үшін өте маңызды. Халық өзінің сайлау құқығын пайдаланса екен. 20 қараша 569-учаскеде өз дауысымды беремін. Сіздерді де дауыс беруге шақырамын", - деді Азиз.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.