Алматыда қоғам қайраткері, ақын Ринат Зайытов өз таңдауын жасады

20.11.2022 в 16:02

Ол №545 сайлау учаскесіне дауыс берді

Халық қалаулыларының бірі, ақын Ринат Зайытов «Алатау» дәстүрлі өнер театрында орналасқан №545 сайлау учаскесіне дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаматтарымыз бұл күннің маңызын түсінеді. Ел болашағына әр адамның даусы әсер ететіні сөзсіз. Бұл өте маңызды шара», – деді ол. 

Р. Зайытов, сондай-ақ сайлау учаскесіне келген адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі екенін айтты.