Ресейден келген бақылаушы Қазақстанда технологиялық жаңашылдықтар енгізілгенін, сайлаушылар арасында маңызды ақпараттық жұмыс жүргізілгенін атап өтті
21 қарашада Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығы алаңына Ресей Федерациясынан келген байқаушылар: Челябі облысы Үкіметінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы Александр Антропов, Челябі облысы Үкіметінің Ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Александр Воробьев шақырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біз ТМД миссиясы аясында бақылау жүргіздік, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы елдегі сайлау заңнамасына сәйкес өтті. Республикада халықаралық байқаушылардың жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өткім келеді. Сайлау жалпы жоғары ұйымдасқан деңгейде өтті. Кеше 7 сайлау учаскесінде болдық. Жалпы, біздің елдердегі сайлау ұйымдастыру жағынан ұқсас. Ешқандай айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Біз келеңсіз жағдайларды тіркеген жоқпыз, бірақ жағымды сәттер есте қалды, бұл сайлау комиссиялары мүшелерінің достық қарым-қатынасы», - деді Александр Воробьев.
Ресейден келген бақылаушы Қазақстанда технологиялық жаңашылдықтар енгізілгенін, сайлаушылар арасында маңызды ақпараттық жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Александр Антропов сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін, олардың дайындығын, құжаттарды сауатты толтыратынын, сайлау учаскелерінің ақпараттық құжаттамамен қамтамасыз етілгенін атап өтті.