Президентті ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

22.11.2022 16:56

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді

akorda.kz

26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.