Бағдат Анарбаева: Сайлауда дауыс беру - баршамыздың азаматтық парызымыз

04.11.2022 17:11
Almaty.tv

"QAMQOR CHARITY" қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева өзінің алдағы сайлауда дауыс беретінін айта отырып, барша отандастарын да осы саяси науқанға қатысуға шақырды. 

"20 қараша күні 626-сайлау учаскесіне барып, мен өз таңдауымды жасаймын. Еліміздің барша азаматтарын осы саяси науқанға қатысып, таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Сайлауда дауыс беру - баршамыздың азаматтық парызымыз. Барлығымыз бірлесе отыра болашағымызды таңдайық", - деді ол.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.