Біржан Хасанғалиев: Президент сайлауы - маңызды саяси іс-шара

06.11.2022 в 17:17

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайртакері Біржан Хасанғалиев сайлауда дауыс беру әр азаматтың борышы екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды саяси науқанға қатысуға шақырды. 

"Құрметті қазақстандықтар! Президент сайлауы - біздің еліміз үшін өте маңызды саяси іс-шара. Мен өнер адамы ретінде 65-учаскеге барып, өз дауысымды беремін. Сіздерді де өзіңіздің азаматтық борышыңызды атқаруға шақырамын. Бәріміз сайлауда кездесейік", - деді әнші.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.