Сайлауға бәріміз бір кісідей қатысуымыз керек – Алпысбай Қазығұлов

12.10.2022 в 17:18

«Сайлауға бәріміз бір кісідей қатысуымыз керек». Осылай деген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алпысбай Қазығұлов алдағы өтетін сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Президентіміздің 7 жылға сайланғаны дұрыс деп ойлаймын. Болашақта сайланатын Президентіміз ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлсе жақсы болар еді. Негізі алға қарай жылжуға еліміздің мүмкіншілігі өте көп. Сондықтан сайлауға бәріміз бір кісідей қатысуымыз керек. Өйткені әр азаматтың берген даусы маңызды», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алпысбай Қазығұлов.