Cайлау учаскелерінде 11 360 ҚР азаматы дауыс берді
Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сайлау учаскелерінде 11 360 ҚР азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің 88,47%-і.
Айта кетейік, шет елдердегі ҚР мекемелерінің жанынан 53 мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адамнан тұратын 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат