Әр азамат сайлаудың маңызын жете түсінуі керек - Бақыт Тушаев

04.11.2022 в 17:40

Актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Тушаев алдағы сайлауда әр қазақстандықтың дауысы маңызды екенін айта отырып, барша отандастарын саяси науқанда дауыс беруге шақырады.

"Көзі қарақты халық 2022 жыл саяси науқандарға, реформаларға толы болғанын жақсы біледі. Еліміздің болашағы жарқын болсын десек, әр азамат бұл сайлаудың маңызын жете түсінуі керек деп ойлаймын. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды. Барша қазақстандықтарды 20 қарашада өтетін сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамын", - деді актер.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.