№17 жалпы білім беретін мектеп-интернаттағы №387 сайлау учаскесінде Роза Рымбаева мен Әли Оқапов өздерінің дауыстарын берді
№17 жалпы білім беретін мектеп-интернаттағы №387 сайлау учаскесінде Роза Рымбаева мен Әли Оқапов өздерінің дауыстарын берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін біз Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде №387 учаскеcіне ұлым Әлимен бірге дауыс бердік. Еліміздің ары қарай өркендеуі жолында барлығымыз азаматтық белсенділігімізді танытуымыз маңызды. Себебі ел болашағы — өз қолымызда», - дейді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Еске салайық, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.