Нұрлан Әуесбаев сайлауда таңдауын жасады

20.11.2022 18:06

Президенттікке кандидат Астана қаласы маңындағы Көктал шағынауданында орналасқан №198 сайлау учаскесінде дауыс берді

Almaty.tv

Ел басқарудан үмітті Нұрлан Әуесбаев сайлауда таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттікке кандидат Астана қаласы маңындағы Көктал шағынауданында орналасқан №198 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін міне өзімнің азаматтық парызымды өтеу үшін сайлау учаскесіне келіп дауыс бердім. Мен оған өте қуаныштымын. Жалпы жеңіске сенімдіміз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев.