Алматыда сайлау күні 60 бала дүниеге келген

21.11.2022 в 19:25

Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты

Алматыда сайлау күні, яғни 20 қарашада 60 бала дүниеге келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«19 қараша түнгі 00.00-ден 20 қараша 00.00-ге дейінгі бір тәулікте Алматы перзентханаларында 60 бала дүниеге келген. Оның 26-ы ұл бала, 34-і қыз бала», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Жалпы елімізде сайлау күні 634 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 6 егіз бар. Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты.

Теги: сайлау