Әр сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс беремін - Асылы Осман

04.11.2022 в 19:41

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман барша қазақстандықтарды азаматтық борышын орындап, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

"Әр сайлау сайын таңертең алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне барып, дауыс беремін. Осы жолы да ініммен бірге 62-сайлау учаскесіне барып, дауысымды бермекпін. Барша қазақстандықты белгіленген учаскесіне барып, дауыс беруге шақырамын. Сондықтан, халқым, азаматтық борышымызды орындап, бірлігімізді таныта отырып, сайлауда дауыс берейік", - деді Асылы Осман.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.