Сайлауда әрқайсымыз өз үнімізді қосуымыз керек - Қарагөз Сүлейменова

06.11.2022 в 19:41

Алдағы сайлауда әрқайсымыз өз үнімізді қосуымыз керек. Осылай деген әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін сайлауда күтетінін жеткізді. 

"Қадірлі қазақстандықтар! Бүгін біз тарихи кезеңде тұрмыз. Еліміздің болашағы сіз бен бізге байланысты. Бүгінде азаматтық қоғам қалыптастырып жатырмыз, ендеше әрқайсымыз өз үнімізді қосып, таңдауымызды жасауымыз керек. 20 қараша сайлауға келіңіздер", - деді әнші.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.