Халқымыз сайлауда белсенді болуы керек - саясаттанушы

08.11.2022 19:44
Almaty.tv

Саясаттанушы Азаматхан Әміртаев барша қазақстандықтарды сайлауда белсенділік танытып, өзі ұнатқан үміткеріне дауыс беруге шақырды. 

"Біз қаншалықты белсенді болсақ, соншалықты болашағымыз анықталады. Біздің халқымыз сайлауда міндетті түрде белсенділігін көрсетуі керек. Өзіміз ұнатқан үміткерге дауыс беруіміз керек. Сол арқылы біз болашағымызды анықтай аламыз. Сондықтан еліміздің азаматтарынан 20 қараша сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауын сұраймыз", - деді саясаттанушы.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.