Сайлауға үй жануарларын алып баруға бола ма

17.11.2022 20:06

Бұл туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтып берді

veterynar.online

Дауыс беруге үй жануарларын алып баруға бола ма? Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Дауыс беру күні сайлау учаскесіне итпен келуге тыйым салынады, өйткені біздегі сайлау учаскелерінің басым бөлігі оқу орындарында орналасқан. Үй жануарларын оқу орындарына кіргізуге болмайды. Сондықтан, дауыс беру күні сайлау учаскесінде ешбір қиындық болмас үшін үй жануарыңызға алдын ала қам жасағаныңыз жөн. Сондай-ақ үй жануарларын серуендету ережелері де бар»,- деп жауап берді Жанна Асанова журналистердің сұрағына.

Сонымен қатар, ол сайлау учаскелерінің барлық мүшеcі стандартты емес ықтимал жағдайларға дайын болуы керектігін айтты.

Бұған дейін тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар үшін 20 қараша күні 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейтіні туралы жазған едік.

Айта кетейік, мегаполисте 1 миллион 170 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.