Адал сайлау үшін: Алматыдағы штаб мүшелері сайлау кезінде кездесетін заң бұзушылықтарға тоқталды

28.10.2022 23:44

Олардың айтуынша, олқылықтар дауыс берушілердің азаматтық құқықтарын білмегендігінен болады

Almaty.tv

Алматыдағы «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері сайлау кезінде жиі болатын заң бұзушылықтарды айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, олқылықтар дауыс берушілердің азаматтық құқықтарын білмегендігінен болады. Мысалы, өз учаскесіне барудың орнына басқасына барады. Бұған әрине сайлау комиссиясының мүшелері рұқсат бермейді. Сол себепті ол жайында тиісті органдарды ертерек хабардар етуі қажет. Сайлау процесінің осы және басқа да тетіктерін штаб мүшелері қоғам қайраткерлерімен және еріктілермен талқылады.

«Қазірдің өзінде мысалы, 6 үміткер бар. Ешкімге дауыс бергіңіз келмесе, бұған дейін болмаған «Барлығына қарсымын» деген тармақ қосылды. Бұл жайында әркім білуі қажет. «Адал сайлау үшін» штабы қазір осы мәселемен, яғни, сайлау учаскесіне келген азаматтардың өз құқығын толық білуі үшін жұмыс істеп жатыр», – деді  «Адал сайлау үшін» штабының жетекшісі Бауыржан Мақұлбаев.