Ел Президентін сайлау 20 қарашаға жоспарланған және кезектен тыс болады. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мен аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Қалықова мегаполистегі сайлау науқаны туралы егжей тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар алдағы 7 жылда елді басқаратын мемлекет басшысын таңдауы керек.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыс жүргізуде.
"Заңда бізде мынадай тармақ бар, егер азамат дауыс беру күніне кемінде 30 күн қалғанда дауыс беру күні оның дауыс беру пунктіне келе алмайтыны белгілі болса. Ол сайлау күні нақты болатын орны бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу үшін жергілікті әкімдікке өтінішпен жүгінуге құқылы. Тұрақты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен бір мезгілде шығару бойынша", - деді А. Қалықова.
Сайлаушылардың тізімдері тіркеу фактісі бойынша, басқаша айтқанда тіркелген жері бойынша жасалады.
“Бұл дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өте маңызды әрекеттер. Сондай-ақ, сайлау учаскесіне келген кезде сіз басқа жерде тіркелгендіктен тізімде болмай қалатын жағдайларды болдырмайды”, - деп қосты Ж.Асанов.
Сайлау учаскелерінің өзі сайлау күніне 20 күн қалғанда ашылады. Олардың орналасқан жері БАҚ-та жарияланады.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, спикерлер президенттік сайлауды өткізуге 600 учаскелік сайлау комиссиясы тартылғанын, 8 аудандық және 1 қалалық комиссия жұмыс істейтінін хабарлады. Тартылған қызметкерлер саны 5 мыңнан астам адам.