Абай Бегей: Еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасайық

04.11.2022 в 20:29

Біз болашағымыз үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек. Осылай деген әнші Абай Бегей барша қазақстандықтарды алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. 

"20 қараша күні елімізде өткелі жатқан сайлауда 68-учаскеде өз дауысымды беремін. Құрметті отандастар, біз еліміз үшін, оның көркеюі үшін, болашағымыз үшін өз таңдауымызды жасап, дауыс беруіміз керек", - деді әнші.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.