Президент сайлауы: Салтанат Тұрсынбекова кандидат ретінде ресми тіркелді

20.10.2022 20:32

Салтанат Тұрсынбекова ұсынған құжаттардың барлығы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келеді

jambylinfo.kz

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігін тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы кандидат ретінде тіркейді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК мәліметі бойынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР Президентті сайлауына кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар еліміздің 18 өңірінде 119316 азаматтың қолдарын жинағанын тіркеген. Оның ішінде 119316 қол тексерілді, 118 434 сенімді деп танылды.