Алматы облысында 111 жастағы әжей дауыс берді

20.11.2022 20:38

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әже тылда еңбек еткен

ontustiktv.kz

Алматы облысында ұзақ жасаған аналар саяси науқанда өз таңдауларын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олар — 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева мен 103 жастағы Мұқсына Қалдыбаева.

Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әже тылда еңбек еткен. 15 немере, 12 шөбере, 5 немене сүйіп отырған кейуана әр қазақстандық саяси науқанда өз таңдауын жасау керек дейді.

«Балаларымның болашағы үшін дауысымды беріп отырмын. Елімнің өркендеуін, халқымның амандығын тілеймін»,- деді 111 жастағы кейуана Нұржамал Мергенбаева.