Әнші, композитор Өктем Алтаев барша қазақстандықтарды 20 қараша өтетін президент сайлауына қатысуға шақырды.
"20 қараша 510-сайлау учаскесінде дауысымды беремін. Сіздерді де жарқын болашағымыз үшін дауыс беруге шақырамын", - деді әнші-композитор.
Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.