ОСК Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді

12.10.2022 20:49

Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген

Акорда

12 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабы, 5-тармағына сәйкес барлық құжат белгiленген мерзiмде алынған.

"Осылайша Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты тіркеуге қажет барлық рәсімдер сақталды", - деді Нұрлан Әбдіров.

Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Өтініш берушілердің тізімімен мына жерден танысуға болады.