Франциядан келген бақылаушы сайлау жайлы пікірін бөлісті

20.11.2022 в 21:21

Бүгін француздық бақылаушы 5 сайлау учаскесінде болған

IFRI орталығының (Францияның халықаралық қатынастар институты) сарапшысы – Микаэль Левистон Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын жариялау жөніндегі баспасөз орталығында сөйлеген сөзінде өтіп жатқан сайлау күні туралы жалпы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бәрінен де сайлау процесіне жастармен қатар аға буын өкілдерінің де қатысуы таң қалдырады. Сайлау қарқынды және белсенді өтіп жатыр», - деді М.Левистон.

Бүгін француздық бақылаушы 5 сайлау учаскесінде болған, олардың бірі Ұлттық кітапханада орналасқан. 

«Мен Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруге келген адамдарға көп көңіл бөлдім. Және бұл тек 50 және 60 жастағы адамдар ғана емес. Келушілер арасында 18 жастағы азаматтар  да бар, мысалы, сайлауға өмірінде бірінші рет келген жігіт те болды. Мемлекеттің өз болашағына ұмтылып жатқаны анық», - деп жалғастырды спикер.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау учаскелеріне келуі үшін барлық жағдай жасалғанын, оның көптеген елдерге үлгі екенін атап өтті.