Әнші Бағлан Әбдірайымов қазақстандықтарды 20 қарашада өтетін президент сайлауында дауыс беруге шақырды.
"Құрметті қазақ елі! Баршаңызды 20 қараша өтетін сайлауға келіп, дауыс беруге шақырамын. Мен де өз учаскеме барып, дауыс беремін. Саяси науқанда барлығымыз бірлесіп, болашағымыздың жарқындығын айқындайық", - деді әнші.
Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.