Байғали Есенәлиев қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды

03.11.2022 22:06
Almaty.tv

Президент сайлауы еліміздің болашағына әсер етеді. Осылай деген актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев барша қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды.

"Әділетті Қазақстанның орнағанын бәріміз де қалаймыз. Ертеңгі болашақ та, елдің тұрмыс деңгейінің жақсаруы да алдағы болатын сайлауға және біздің таңдауымызға тікелей байланысты. Сондықтан да әрбір қазақстандық бұл сайлауға немқұрайлы қарамауы керек. Себебі бұл - біздің тағдырымыз, еліміздің тағдыры. Сондықтан да барша отандастарымды сайлауға қатысуға шақырамын", - деді актер.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.