Украинада қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылмайды

14.11.2022 22:19

Олардың қайда дауыс бере алатыны айтылды

Украинадағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі

Украинадағы қазақстандықтар үшін сайлау учаскесі ашылмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Украинадағы жағдайға байланысты бұл жолы сайлау учаскесін ашпадық. Сондықтан, олар қаласа көрші елдерге – Молдоваға немесе Польшаға барып, сол жерде дауыс бере алады. Бірақ ол үшін елшіліктерді алдын ала хабардар ету керек. Оларға бірқатар бюллетень дайындалды", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, өткен президенттік сайлауда шетелде жүрген кейбір қазақстандықтарға бюллетень жетпей қалған.

Теги: сайлау