Ел Президентін сайлауға белсене қатысу – әр азамматтың парызы. Бұл – республикалық «Желтоқсан-86» тәуелсіздік қырандары» халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Гүлбаһрам Жүністің пікірі.
«Осы мемлекеттің азаматы болғандықтан әр адамның өз таңдауы, өз қалауы бар. Сол себепті мемлекетімізде өтіп жатқан сайлау болсын, басқа да еліміздің, ұрпағымыздың болашағы үшін маңызды іс-шараға қатысу – әр азамматтың парызы. Себебі, ертеңгі күнгі ұрпаққа біз жауаптымыз», – деді республикалық «Желтоқсан-86» тәуелсіздік қырандары» халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Гүлбаһрам Жүніс.
Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.