Қалада 600 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
Алматыдағы сайлау учаскелері саяси науқанды өткізуге 100 пайыз дайын, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалада 600 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның 531-і қазір кез-келген тұрғын үшін ашық. Ал қалған 69-ы арнайы орындарда, яғни аурухана, шипажайлар мен әскери мекемелерде құрылған. Бүгін бұл туралы қалалық сайлау комиссиясы хабарлады. Бүгінде Алматыда 1 миллион 176 мың сайлаушы бар. Саяси науқанның өту тәртібіне әр сайлау учаскесінің төрағасы жауап береді.
«Дауыс беру күні сайлау учаскесінде комиссия, байқаушылар, сенім білдірілген адамдар және БАҚ өкілдері болады. Әрқайсысында аккредиттеу нормасы бар. Сайлаушылар дауыс беру үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт сайлау учаскесі ғимаратында болады», – деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.
Айта кетейік, қалада мүлде тіркелмеген, яғни тұрақты немесе уақытша мекен-жайы жоқ адамдар да дауыс бере алады. Мұндай азаматтар үшін 55 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Онда келген сайлаушылар бір күндік тіркеуге алынып, дауысын бере алады. Ал тұрақты мекен-жайы басқа өңірде болатын сайлаушы өз учаскесіндегі тізімнен шығу туралы анықтама алуы тиіс.