Сайлау демократиялық үрдісте өтіп жатыр - Кенжехан Матыжанов

20.11.2022 22:25

Оның айтуынша, бүгінгі сайлау еліміз үшін ғана емес, жалпы халықаралық геосаясат үшін маңызды шара

Алматы әкімдігі

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов та өз учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бүгінгі сайлау еліміз үшін ғана емес, жалпы халықаралық геосаясат үшін маңызды шара. Сондықтан, ешкім қалыс қалмай, ел ертеңі үшін азаматтық ұстанымын білдіруі тиіс. 

"Сайлау, менің ойымша, жалпы демократиялық үрдісте өткізіліп жатқан сайлаулардың бірі деп айтуға болады. Өйткені, халық бүгін күн жаңбыр болып тұрса да, Алматының аспаны бұлттанып тұрса да, соған қарамай, таңның атысынан бастап сайлауға келіп жатыр. Бұл елдің белсенділігін білдіреді. Сондықтан біздің тәуелсіз еліміз жақсы жаңа ұрпақтың қолында болады деген сенімдеміз", - деді ол.