Сайлау – демократиялық өміріміздің көрінісі

02.11.2022 22:38
Almaty.tv

20 қараша еліміз үшін сын кезең болып тұрғанын бәріміз де білеміз. Филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың айтуынша, Отаным, елім дейтін өз болашағына алаңдайтын азамат осы күні келіп, өзінің даусын беру керек.

«20 қараша еліміз үшін сын кезең болып тұрғанын бәріміз де білеміз. Президент сайлауы деген еліміздің тағдыры үшін, келешегіміздің бағыт-бағдары үшін маңызды оқиға екенін түсінуіміз керек. Осы тұрғыдан алған кезде сайлауды бірінші рет өткізіп отырған жоқпыз және соңғы рет емес. Сайлау – демократиялық өміріміздің көрінісі. Отаным, елім дейтін өз болашағына алаңдайтын азамат дәл осы күні келіп, өзінің даусын беру керек», – деді филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.