ҚР ПДП Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында 100 жастағы Ізгілік Дабаев сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ғасыр жасаған қария ем қабылдап жатса да, «бұл менің азаматтық борышымды көрсетуге кедергі емес» дейді.
Ізгілік ата Мәскеуден Берлинге дейінгі соғысқа қатысқан. Ол Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы, Климент Ворошилов, Георгий Маленков, Джавахарлал Неру секілді аты аңызға айналған тұлғалардың көзін көрген жан. КСРО Журналистер одағының мүшесі, өмір бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде наградалар бөлімін басқарған ол кезінде Леонид Брежневпен, Дінмұхамед Қонаевпен бірге қызмет еткен.