Алматыда былғары қолғап шеберлері де дауыс берді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі саяси науқанға бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті қазақстандықтар, құрметті алматылықтар мінекей мен өзімнің азаматтық борышымды атқарып, бүгін 20 қараша 2022 жылы Қазақстанның Президенттік сайлауына қатыстым. Отбасыммен дауыс бердім», – деді олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов

Сондай-ақ сайлауға қатысушылардың қарасы түс ауа арта түскенін де спорт майталмандары баса айтып отыр. Ел үшін ерекше күнде олар өздері тіркелген сайлау учаскесіне ерте келіп, таңдау жасады.

«Қазақстанның әрбір азаматы сайлауға қатысуы тиіс деп ойлаймын. Мен де өз азаматтық борышымды орындадым, таңдауымды жасадым», – деді бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай.

«Азаматтық борышымды өтеу үшін сайлауға келіп отырмын. Мен мемлекетіміздің өніп-өсуіне тілектеспін», – деді бокстан спорт шебері Алуа Балқыбекова.

Новости партнеров