Саяси сайысқа түсетін үміткер ел басқаруға лайықты болуы тиіс
«Адами тұрғыда бәрі тең құқылы. Бірақ моральдық жағынан қазақ халқының жағдайы, болашағы, жас ұрпағының білімі мен рухани дүниесіне көңіл бөлінуі керек». Халық қалаулылары сайлаудан кейін жаңа Президент мән беруі тиіс дүниелерді атады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Тәуелсіздік алғалы көп дүниеге қолымыз жеткенімен, шашылып қалған шалағай тұстар да жетерлік» дейді қоғам қайраткерлері.
«Кім сайланып жатса да халықаралық жағдайға, әсіресе Ресей мен Украинаның арасындағы жағдай, мына жақта Қытай елі де онша тыныш отырған жоқ. Соның бәрін жаңа Президентіміз өте бір кемеңгерлікпен, ақылдылықпен және өз халқына жанашырлықпен осы мәселелерді реттеуге күш салса деп ойлаймын», – деді ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Еркін Нұразхан
«Президент болу оңай емес, бірақ саяси сайысқа түсетін үміткер ел басқаруға лайықты, жұртқа танылған азаматтар болса игі» деген пікірде. Болашақ басшы бұқараның әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, рухани жағдайын жақсартса дейді.
«Жаңа Қазақстанда үлкен белестерге шығу жоспарланып отыр. Демократиялық қарқынды дамып келе жатыр. Нақты мен ойлаймын осы сайлау болашақтағы Қазақстанның келбетіне, өсуіне нақты жолын белгілейді», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.