Актер Марат Әлібаев 20 қарашада барып, дауыс беретінін айтты. Актердің айтуынша, болашақты бірге жоспарлау керек.
«Құрметті қазақ елі мен де барлық азамат секілді 20 қарашада барып, дауыс беремін. Баршаларыңызды дауыс беруге шақырамын. Бірге болашағымызды жоспарлау керекпіз. Жаңа Қазақстан бірге аттанайық», – деді актер Марат Әлібаев.
Бүгінде Алматыда 1 миллион 176 мың сайлаушы бар. Қалада 600 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның 531-і қазір кез-келген тұрғын үшін ашық. Ал қалған 69-ы арнайы орындарда, яғни аурухана, шипажайлар мен әскери мекемелерде құрылған.