Ел президентінің сайлауы ұлттық демократияның көрінісі болмақ

02.11.2022 01:45

Көптің таңдауы жасалатын науқанға небәрі 19 күн қалды

informburo.kz

20-қарашадағы ел президентінің сайлауы ұлттық демократияның көрінісі болмақ. Өйткені бұл күні азаматтардың белсенділігі мен қоғамдық көзқарасы анықталады, саяси таңдау жасалады. Ал ел болашағы үшін маңызды күнде әркімнің атсалысуы – міндет.

«Біз ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында ел болып қалуға ұйымдасқан түрде сайлауға әр азамат қатысу керек. Ол – біздің азаматтық парызымыз», – деді мәдениеттанушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрбақыт Бөкебай.

Көптің таңдауы жасалатын науқанға небәрі 19 күн қалды. Бұл аралықта азаматтардың әр кандидаттың бағдарламасымен танысуы шарт. Бастысы, қазақстандықтардың сайлауға қатысудағы белсенділігі, дауыс берудегі азаматтық көзқарасы.

«Әрбір қазақстандық бұл сайлауға немқұрайлы қарамауы керек. Себебі бұл біздің тағдырымыз, бұл еліміздің, тіліміздің, болашағымыздың тағдыры. Сондықтан да мен бүкіл отандастарымды сайлауға түгелдей қатысуға шақырамын», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев.