Нұрлан Оразалин: Бұл - қиын кезде қабілет-қарымын халқына дәлелдей алған тұлғаға берген елдің сенімі

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев 82,5 пайызбен мәреге жетті. Бұл қиын-қыстаулы кезеңде өзінің жетекшілік қабілет-қарымын халқына дәлелдей алған тұлғаға берген халықтың сенімі. Осылай деген Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин қазақстандықтарды құттықтады.

«Президенттік сайлау бұл жолы аса қиын, күрделі халықаралық жағдай шиелініскен кезде, саяси ахуал Батыс пен Шығыс арасында алмағайып дәуір өтіп жатқан тұста, жаңа Президентімізді сайладық. Таңдап алдық. Қасым-Жомарт Тоқаев 82,5 пайызбен мәреге жетті. Бұл қиын-қыстаулы кезеңде өзінің жетекшілік қабілет-қарымын халқына дәлелдей алған тұлғаға берген елдің сенімі. Жаңа Президент құтты болсын, ағайын! Бай-қуатты мемлекетті дамыту үшін, жаңа Қазақстанның ауыр жүгін иығына салып, қайыспай көтеруге жазсын дейміз», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.

Новости партнеров