Cайлау бастаған жоспарды іске асыру үшін маңызды деп ойлаймын - Еркін Нұразхан

12.10.2022 02:14
Almaty.tv

Тәуелсіздік алғалы көп дүниеге қолымыз жетті деп есептейміз, дегенмен шашылып қалған дүниелер бар. ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Еркін Нұразхан алдағы сайлау бастаған жоспарды іске асыру үшін маңызды деп ойлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сондықтан ол сайлаудың өткені де дұрыс. Өйткені,  7 жылға бір-ақ рет сайлансын деп өзгеріс енгізді. Ойына алған жоспарлары, бағдарламалары, халықтың мына әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, моральдық-психологиялық жағдайды жақсарту, содан кейін мына рухани дүниені дұрыстау. Енді 30 жылда әрине Тәуелсіздік алғанымызға көп дүниеге қолымыз жетті деп есептейміз, дегенмен шашылып қалған дүниелер бар. Халықтың кішкене наразылығы бар. Соны бәрін ретке келтіру керек, мүмкін сондай жақсы ойлары бар деп есептейміз. Соны орындауға, мүмкін, осы уақытты таңдап отырған шығар», – деді  ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Еркін Нұразхан.

Теги: сайлау